Образование
19.11.2026
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны
9–20 қараша аралығында мектепте «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны өткізілді.
Науқан барысында әртүрлі жас ерекшеліктеріндегі оқушыларға, ата-аналар мен педагогтерге арналған тақырыптық әңгімелер, практикумдар, пікірталастар, ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар мен шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылды. Балалардың жеке шекара, қауіпсіздік, бір-біріне құрметпен қарау, «жоқ» деп айта білу және қажет болған жағдайда дер кезінде көмек сұрау туралы түсініктерін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
